Балалар бақытқа кенелген күн

0 5

Халықаралық балаларды қорғау күні – ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам.  Атаулы  күнге  орай, Талас ауданында балаларға  арналған  ауқымды  шаралар  ұйымдастырылды.

   Ауданға  қарасты  13  ауылдық  округ  пен  Қаратау  қаласында  «Балалар  қауіпсіздігі басты назарда»  атты  республикалық  акция аясында  ашық  есік күндері,  спорттық  эстафетталар, флешмобтар, сурет салу конкурстары  және  «Қауіпсіздік  әліппесі»  челенждері  сынды  іс-шаралар  өткізілді.

    Ал,  1 маусым  күні  «Жеңіс»  алаңында  «Бақытты  бала- бақытты  ел»  тақырыбында  фестиваль  болып  өтті.  Фестивальде  Талас ауданының  әкімі  Н.Жүнісбеков  балаларды  мерекемен  құттықтап,  ізгі  лебізін  арнады.  Мерекелік  шарада  қуыршақ  аниматорлардың  театрландырылған қойылымы  көрсетіліп, «Менің  елім»  тақырыбында  асфальтқа  сурет  салу  конкурсы,  «Балалық  шақ елі» фотозонасы  қойылып,  «Тірі  кітап»  және  «Кітап оқы-сыйлық  ал»,  «Кітап  кейіпкерлері» сынды  интелектуалды  ойындар  мен  асық  ату,  ләңгі  тебу,  арқанмен  секіру,  бестас   сияқты  спорттық  жарыстар  болды.  Сонымен  қатар, «Орталық  саябақта»  да мерекелік шаралар болып,  балаларға  балмұздақ  таратылып,   сыйлықтар  берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.