Жуырда Қаратау қаласында Талас ауданы іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен ерекше форматта шара өтті. Бұл бастама Жамбыл облысы Іскер әйелдер қауымдастығының қолдауымен жүзеге асып, жеке кәсібі бар, сондай-ақ кәсіп бастауға ниет еткен ауданымыздың қыз-келіншектеріне тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен танысуға үлкен мүмкіндік туғызды.
«Бизнес тур» барысында қатысушылар Қаратау қаласындағы бірнеше табысты кәсіпкерлік нысандарын аралап, бизнес жүргізудің нақты үлгілеріне куә болды. Олар кәсіпкерлік қызметтің түрлі салаларында – сауда, қызмет көрсету, өндіріс және ауыл шаруашылығы бағыттарында жұмыс жасайтын кәсіпкерлермен кездесіп, олардың жетістікке жету жолымен танысты.
«Бизнес турдың» басты мақсаты – кәсіпкер әйелдердің ынтымақтастығын арттыру, өңірлік кәсіпкерлікті қолдау және өзара тәжірибе алмасу арқылы бизнесті дамытуға ықпал ету. Іс-шара аясында бизнес иелері өз табыс құпияларымен бөлісіп, кездесуге келген әйелдерге мотивациялық кеңестер берді.
Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, мұндай бастамалар кәсіпкерлікке жаңадан қадам басқан немесе бастауға ниетті әйелдерге үлкен шабыт береді. Сонымен қатар, «Бизнес турда» тәжірибелі кәсіпкерлер де әріптестерімен жақынырақ танысып, болашақта бірігіп жобалар жүзеге асыруға келісімдер жасасты.
Аталмыш шара Талас ауданының кәсіпкерлік әлеуетінің артып келе жатқандығының жарқын көрінісі десек артық айтқандық емес. Қауымдастық алдағы уақытта да мұндай игі шараларды жиі ұйымдастырып, іскер әйелдерге қолдау көрсетуді жалғастырмақ.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы