Алдағы басымдықтар айқын

0 2

Апта басында аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков Сәду Шәкіров, Бостандық және Аққұм ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Аталған ауылдық аймақтардың тұрғындарымен өткен кездесуде аудан басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндап, жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар туралы айтып өтті.
Жиында мәлім болғанындай, аудан көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әйтсе де, шешімін күткен мәселелер де бар. Кездесулер барысында ауыл тұрғындарын мазалаған, шешімін күткен кейбір мәселелер айтылды. Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков мәселелерін тыңдап, ұсыныс- пікірлерін назарға алды. Әр ауылдық округте айтылған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
-Алдағы уақытта ауылдық округтерді абаттандыру, жарықтандыру, жол салу, жаңа инфрақұрылым тарту, егістік алқапқа жағдай жасау жұмыстары жалғасын табады. Біз үшін әр тұрғынның мәселесі маңызды. Сондықтан әрқайсысыңыздың мәселеңізді тыңдап, оны шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі, — деді аудан басшысы өз сөзінде.
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбековтің халықпен кездесу жиындары алдағы уақытта кестеге сәйкес жалғасады. Мұндай кездесулер бүгінгі таңда билік пен халық арасындағы сенімді нығайтудың тиімді құралына айналды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.