Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті

0 3
Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Алдымен шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков қала әкімдігінде қызмет ететін барлық мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, елге қызмет ерекше ерік-жігерді қажет ететіндігін атап өтті.
Сонымен қатар кәсіби мерекеге орай бірқатар мемлекеттік қызметшілер облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Тараз қаласы әкімінің Алғыс хатымен және мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы департаментінің, Тараз қаласы әкімінің дипломдарымен марапатталды.
Атап айтқанда, Жамбыл облысы әкімінің «Құрмет» грамотасымен қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Жасұлан Валихан, Жамбыл облысы әкімінің «Алғыс» хатымен Тараз қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Максат Едельбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің грамотасымен қала әкімі аппаратының өтініштермен құжаттаманы қарауды бақылау және талдау бөлімшесінің бас инспекторы Жулдызай Шимырбаева марапатталды.
Сондай-ақ Тараз қаласы әкімінің «Құрмет» грамотасымен Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Жаңыл Сембекова, Тараз қаласы “Жібек жолы” ауданы әкімінің бас инспекторы Ескер Буралхиев, Тараз қаласы әкімінің «Алғыс» хатымен қала әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Абылайхан Умирбаев пен қала әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы Айгүл Абилдаева, қала әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшесінің бас инспекторы Ойбек Хайитов, қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айгерим Кудайбергенова, қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Даулет Дүйсенбайға құрмет көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің сервистік қызмет көрсетуші номинациясы бойынша Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі 1-орын иегері атанды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен мемлекеттік қызметшілер арасында Жамбыл облыстық спартакиадасынан Тараз қаласы жалпы командалық І орын иеленген болатын. Шаһар басшысы спартакиадада жекелеген номинациялар бойынша жеңімпаз болған азаматтарды құттықтады.
Атап айтқанда, жүзуден алтын медаль алған қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаевты, қол күресінен алтын медаль алған қала әкімі аппаратының өтініштермен құжаттаманы қарауды бақылау және талдау бөлімшесінің бас маманы Қасиет Аманқұлованы, қазақ күресінен алтын медаль иеленген «Әулиеата» ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығын дамыту бөлімшесінің бас маманы Мұхит Бижигитовті, қазақ күресінен күміс медаль алған «Жібек жолы» ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-шаруашылық, абаттандыру және инфрақұрылым бөлімшесінің басшысы Сабыржан Сәлімовті, ләңгі тебуден қола медаль алған «Әулиеата» ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығын дамыту бөлімшесінің басшысы Нұржан Құдайбергеновті құттықтап, алдағы күндеріне тек жеңіс тіледі.
Сондай-ақ спартакиадада Тараз қаласы әкімдігі командасының жүлделі бірінші орын алуымен дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Оксана Борисюкке арнайы кубокты табыстады.
Шара соңында барлық мемлекеттік қызметшілер естелік суретке түсті.
Leave A Reply

Your email address will not be published.