Байзақ еліндегі байыпты елдік оқиғалар ішінде жоғары белсенділік танытудан талмай келе жатқан әжелер алқасы мүшелерінің әрқайсысы өнерлі, шеттерінен шебер, үздік үлгі иесі екенін мақтанышпен айта аламыз.
Бүгін әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде аудандық
аналар кеңесінің төрайымы, қоғам белсендісі Шырын Қапарованың ұйымдастыруымен «Өнерлі әже — өмір ажары» атты танымдық — музыкалық кеш болып өтті.
Алдымен кеш қатысушылары сахна төрінен орын алған соң облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған Билер кеңесі төрағасының орынбасары Талғат Жұмабеков пен аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов ретімен сөз алып, зейнетке шықса да, үйінде бос отырмай, елдің бірлігін нығайтуға, өсіп келе жатқан жастарды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге өз үлесін қосып келе жатқан аналарымызға алғыс білдіріп, бүгінгі тағылымға толы танымдық кеш жас ұрпаққа өнеге болатынын атап өтті. Әрі қарай кешті Шырын Қапарова жүргізіп отырды. Асыл әжелерді жеке-жеке таныстырып шыққан соң, олар қонақтарға өз өнерлерін паш етті. Ән орындаумен қатар, өз қолынан шыққан туындыларын, тоқымадан жасалған картина, суреттерді көрсетсе, енді бірі өз қаламынан туған өлеңін оқыды. Өнерлі әжелерді
Рүстем Қалмұхамбетұлы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
«Дәстүрге жол – Қазақ аналары» жобасының облыстық филиалының төрайымы Гульфайруз Нурабаева Дәриякүл Тілепбергенова, Шамші Жұмабаева, Шырын Қапароваға филиалдың куәліктерін табыстады. Дәл осы сәтте «Шебер әжелер» шеруі ұйымдастырылып, ақ жаулықты әжелер көрермендер залынан сахнаға көтеріліп, өз туындыларымен таныстырып, келген қонақтарға тарту етті.
«АMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева партияның атынан Алғыс хат пен сый-сияпатын табыс етті. Кеш соңы әжелер орындауындағы «Шүкір» әнімен қорытындыланды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.