Түркістанда шахматтан «Senat Open» екінші ашық кубогінің жартылай финалы өткен болатын. Турнирге Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан ең үздік деген 35 ойыншы қатысты. Олардың қатарында ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Жартылай финалдық ойын қорытындысына бойынша аудандық мәслихат депутаты Нұржан Тлепов І орынды, мәслихат депутаты Алтай Тастанов ІІ орынға ие болды. Командалық есеппен жүлделі І орынға ие болып, Астанада өтетін финалдық сайысқа жолдама алды.
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаев жеңімпаздарды қабылдап, жеңісімен құттықтады. Ауданның намысын қорғаған жеңімпаздарға алғысын білдіріп, алдағы финалдық сайыста сәттілік тіледі.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.