Сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы өтті

0 3

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясына қатысты.

Жиында алдымен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Уалихан Байдуанов Байзақ және Жамбыл аудандарынан Тараз қаласына өткен сайлау учаскелері бойынша құрылған сайлау округтерінің депутаттарын тіркеу туралы хабарлама жасады.

Келесі кезекте қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова білім беру ұйымдарында балалардың демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз ету іс-шараларының орындалу барысы туралы баяндады.
Сессияда сонымен қатар Тараз қалалық мәслихатының инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу, Тараз қалалық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Тараз қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» №11-4 шешіміне, «Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-4 шешіміне, «Экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №1-4 шешіміне, «Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №1-5 шешіміне, «Инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №1-6 шешіміне және «Білім беру және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №1-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.