2025 жылдың 30 маусымы күні сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 40-шы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, Жаңатас қаласы мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезекті сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылды:
1. 2024 жылға арналған Сарысу аудандық бюджетінің атқарылуы жөнінде.
2. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану бағытындағы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы.
3. Тоғызкент ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
4. Досбол ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
5. Қамқалы ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
6. «Сарысу аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7. Сарысу аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
8. Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы №22-6 «Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аталған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялардың отырысында тыңдалып, жан-жақты талқыланды.
Күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерге сәйкес аудандық мәслихат депутаттары сауалдарын қойды.
Көтерілген сұрақтар бойынша аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов түсіндіріп, баяндамашылар және тиісті мекеме басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің тарапынан жауаптары берілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар тиісті шешім жобаларына енгізіліп, қабылданды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.