Үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қызметі әрқашан маңызды

0 3

Үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қызметі — ел ішіндегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, жастар саясаты, қайырымдылық, экологиялық бастамалар, отансүйгіштік тәрбие және тағы да басқа бағыттар бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр.
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен Сарысу ауданындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Отырысқа ардагерлер кеңесінің мүшелері мен кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібінде алғашқы мәселе бойынша «2025 жылдың 6 айында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің үкіметтік емес ұйымдармен атқарылған жұмыстары туралы» аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова баяндама жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «2025 жылы әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылған іс-шаралардың мазмұны мен нәтижелері туралы» ЖО жастар ұйымдарының Қауымдастығы» «Заңды тұлғалар бірлестігінің» өкілі Қуаныш Қияшовтың есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, алдағы жоспарлар айқындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы бүгінде үкіметтік емес сектор мемлекеттің стратегиялық серіктесі ретінде танылып, мемлекеттік саясатты іске асыруда маңызды рөл атқаратындығын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.