Шығыстың ғұлама ойшылы

0 3

Қаладағы мәдениет скверіндегі ашық аспан астында «Шығыстың ғұлама ойшылы» атты тұлғатану кеші өтті.

Адамзат өркениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы ғалым, ойшыл, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен мұрасына арналған «Шығыстың ғұлама ойшылы» атты кітап көрмесін кітапхана қызметкері Ж.Әбдірахманова таныстырып өтті.
Әл-Фараби – қазақ топырағынан шыққан ұлы тұлға, бүкіл ислам әлеміне, тіпті Еуропа ғылымына ықпал еткен ғалым. Ол математика, логика, философия, музыка, медицина, астрономия, саясат, тіл білімі сынды көптеген ғылым салаларына еңбек сіңірген. Сондықтан да оны әлем жұртшылығы «Екінші ұстаз», яғни Аристотельден кейінгі ең ұлы ғұлама деп таныған.
Бұл көрме-жастардың ғылым-білімге деген қызығушылығын арттырып, Әл-Фарабидің рухани мұрасын танып-білуге жол ашады. Көрмеге ғалымның еңбектері, ол туралы зерттеу еңбектері мен мақалалар, танымдық басылымдар қойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.