Қазіргі таңда қалада 22 мыңнан аса азамат пәтер алу кезегіне тіркелген. Баспана мәселесін шешу үшін де шаһарда ауқымды құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Мәселен, 2024 жылы «Сәулет» (16) мөлтек ауданында 16 көпқабатты тұрғын үйлердің 12-і пайдалануға қабылданды. Ал қалған 4 үйдің құрылысы биылға өтпелі.
«Ұлы дала» (15) мөлтек ауданында 34 көпқабатты тұрғын үйдің 12 үйі пайдалануға берілсе, қалған 22 үйдің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатса, «Әулиеата» (14) мөлтек ауданында 22 көпқабатты тұрғын үй салынуда.
-Сондай-ақ, Асқаров көшесінің соңындағы тұрғын алқапқа қосымша 66 тұрғын үйдің жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, республикалық бюджетке өтінім ұсынылды. Оның 30-ын биыл бастауды жоспарлап отырмыз,деп хабарлады. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков.
Қала әкімі одан бөлек, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 9,9 млрд. теңгеге 669 пәтер сатып алынғанын атап өтті. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 2,1 млрд. теңгеге 162 пәтер сатып алынса, 2025 жылы әлеуметтік осал топтары үшін 140 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге қарастырылды.
Жер кезегінде тұрғандардың саны да айтарлықтай өскен. 2005 — 2025 жылдар аралығында 130 479 азамат жер телімін алуға тіркелген. Кезекте тұрған азаматтарды жер телімімен қамтамасыз ету мақсатында Асқаров көшесінің соңы 312 га, «Хамукат» 126 га және «Қарасай» 126,6 га алқаптарынан жалпы көлемі 564,6 га болатын 3 алқапты мемлекет қажеттілігі үшін алып, инфрақұрылым жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 16 шаруа қожалығынан жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үй құрылысына жер кезегінде тұрған азаматтарға жер учаскесін беру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.