Биыл 61,4 шақырымды құрайтын 95 көше, бұрылыс, тұйық және өткел жолдары орташа жөндеуден өтеді-Бақытжан Орынбеков
Жалпы қалада 1 715 көше жолдары бар. Оның 1 043-і көше, 3-і даңғыл, 512-і бұрылыс, 84-і тұйық, 73-і өткел болса, оның ішінде асфальт көшелер саны – 1 122, шағал тас жолдар саны – 593. Өткен жылы олардың 95,3 шақырымы жөнделсе, биыл 61,4 шақырымы орташа жөндеуден өткізілуде.
Жалпы шаһардағы жолдардың ұзындығы – 2 214,5 шақырымды құрайды.
Өткен жылы 95,3 шақырымды құрайтын 127 көше орташа жөндеуден өткен.
Биыл 61,4 шақырымды құрайтын 95 көше, бұрылыс, тұйық және өткел жолдары орташа жөндеуден өтеді. Одан бөлек ұзындығы 34,6 шақырымды құрайтын 20 саяжайдағы 100 көшеге шағал төселуде. Сонымен қатар, ұзындығы 35,3 шақырым болатын 12 жаяу жүргінші жолдары салынса, Рысбек батыр, Қойгелді және Асқаров көшелерінде қайта жаңғырту жұмыстары басталды.
-Көптен бері өзекті мәселе болып келген «Бурыл А,Б,В» және «Барысхан» тұрғын алқабтарында да жол жөндеу жұмыстары жүруде. «Бурыл А, Б, В» алқабындағы 75 көшенің 64 көшесін асфальттау жұмыстары толық аяқталды. Қалған 11 көшені жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
«Барысхан» тұрғын алқабына 24 көшеге асфальт жабындысын төсеу қарастырылған. 2024 жылы 9 көшенің асфальт жол жабындысы толық төселді. Жалпы бұл жұмыстарды 2025 жылы аяқтау жоспарда тұр. Соныменқатар, «Ұлы Дала» (15) шағын ауданынан Асқаров көшесіне «Қапал» каналының үстінен автомобиль көпірі құрылысы жүргізілуде.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 65 пайыздан 72,5 пайызға дейін артатын болады, дейді қала әкімі.