Тараз қаласын 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Шалғай Қарасу алқаптарына ауыз су желісінің құрылысы жүргізілуде.
2024 жылы қала аумағында 9,8 шақырым 10 көшенің ауыз су құбырлары жергілікті бюджет тарапынан жаңартылған болатын.
Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында жаңадан бұрғыланатын 35 дана су ұңғымасының құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, республикалық бюджетке өтінім ұсынылды. Бұл туралы шаһар әкімі Бақытжан Орынбеков мәлімдеді.
Сонымен қатар магистралды су құбырларының тозығы жетуіне байланысты, Айшабибі көшесінен Сүлейменов көшесіне дейінгі, «Төрткөл» алқабы және Бас су мұнарасынан ТЭО-4-ке дейінгі магистралды су құбырларын жаңғыртуға және Абай даңғылы, Қойгелді, Асқаров, Көшек батыр, Желтоқсан және Ниетқалиев көшелеріндегі магистралды су құбырларын қайта жаңғырту бойынша сараптама қорытындысы алынып, республикалық бюджетке өтінім берілген.
Тараз қаласындағы «Алматы — теміржол су» мекемесінен қабылданған Тынышбаев, Пірманов, Локомотив және Шаумян көшелерімен Песочный алқабындағы су құбыры желілерімен ұңғымаларын қайта жаңғырту бойынша сараптама қорытындысы алынып өтінім ұсынылды. Сонымен қатар, «Сәулет» мөлтек ауданын ауыз сумен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Тараз қаласы аумағында Шөлдала, Құмшағал, Көлтоған, Қызыл-Абад, Жиделі, Қарасай және Тектұрмас тұрғын алқаптарында «Ақылды қала» жобасын ауыз су саласында дамыту үшін, су ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін қолжетімділікті ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылады. Бұл тұтынушылардың су есептегіштерінен деректерді тікелей «Жамбыл су» МКК-на жолдауды қамтамасыз етеді.
Мүлдем ауыз су желісі жүргізілмеген Новоджамбулец, Дорожник және Талас елді-мекендерін орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамаға ұсынылып, оң қорытынды алынды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.