Қаланы көгалдандыру және жасыл аймақ құру жоспарына сәйкес «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында 2024 жылы 20 га жерге 20 мың тал көшеттері отырғызылған. Ал биылғы жылы 10 мың тал егу жоспарланған.
Бұдан бөлек, қаланың орталық көшелеріне, саябақтарға, және басқа да алеялар мен скверлерге жалпы саны 5 мың әртүрлі ағаш отырғызылмақшы. Оның бүгінде 4 мыңы егілсе, қалған 1 мың ағаш күз айларында отырғызылады.
Көшеттерді егуден бөлек оны суару мәселесі де қолға алынды.
Бүгінде қаланың қан тамыры – арық жүйелерінің тозығы жеткен. Осы орайда, жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 2023-2025 жылдары осы мақсатқа қала бюджетінен 1,4 млрд. теңге қаражат қарастырылып, шағын аудандарда 40,3 шақырым ескі лотоктар жаңғыртылды.
Ал биылғы жылға 17 шақырым арық жүйесін жаңартуға бюджеттен 600,0 млн. теңге бөлінген. Қазір қаладағы Желтоқсан, Қазыбек би, Төле би, Байзақ батыр, сүлейменов көшелері және «Қаратау», «Жайлау», «Аса», «Жансая» мөлтек аудандарымен «Химпоселок» аумағында құрылыс жұмыстары жүруде.
«Халықтың қатысуымен абаттандыру» жобасы аясында 15-ші мөлтек ауданы жанындағы «Түйте» каналының 1,7 шақырымына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Алдағы уақытта облыс әкімінің қолдауымен «Үшбұлақ» және «Қарасу-2» каналдары да жаңғыртылатын болады. «Үшбұлақ» су арнасының бірінші кезеңде 1,2 шақырымы ал «Қарасу» каналының 1,275 шақырымы абаттандырылады. Жобада каналдардың жағалауын саябақ ретінде көгалдандыру, воркаут, спорт алаңшалары және зейнеткерлерге арналған демалыс аумағы қарастырылған.
Сондай-ақ, Гидрокешен саябағын абаттандыру жұмыстары жоспарланып отыр. Қазіргі таңда «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетімен» келіссөздер жүргізілуде.
2024 жылы қала аумағындағы 6 ирригациялық және 2 дренаж каналын механикалық тазалауға қала бюджетінен 250 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Ал, ағымдағы жылы «Сеңкібай» каналын механикалық тазалау жұмыстарына 44,1 млн. теңге қаржы бөлініп жұмыстар басталды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.