ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: Жеке мәселелерін тыңдады

0 2

Қазіргі таңда қоғамдық қабылдау – тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ түріп, жергілікті билік жұмысын халыққа жақындатуға септігін тигізіп келеді.
Бүгін аудан басшысы әкімдіктің мәжіліс залында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Кездесуге жауапты сала орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімі қатысып отырды. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі көпке ортақ жұмыспен қамту және баспана мәселелерін қозғады.
Тұрғындардың көтерген мәселелерін мұқият тыңдаған аудан әкімі заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Тұрғын үй заң аясында, белгіленген кезекке сәйкес берілетіндігін айтты. Кейбір мәселелер тиістілігіне қарай жауапты сала басшыларының құзырына тапсырылды. Әрбір мәселе жіті бақылауға алынып, хаттамаға енгізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.