ҚҰРМЕТ: Алтын құрсақ аналар марапатталды

0 2

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін ақ жаулықты аналар, оның ішінде көпбалалы қыз-келіншектер ауданымызда күн санап артып келеді.

Бүгін әкімдіктің кіші мәжіліс залында Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 13 маусымдағы  №908 Жарлығы бойынша өмірге көп бала әкеліп, оларға ұлағатты тәрбие берген бір топ аналарды марапаттау рәсімі болып өтті.

Аудан әкімі бұл наградалар тұрақтылық пен дәстүрді нығайтуда, жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-ананың сіңірген ерекше еңбегі, балаларына берген мейірімі мен қайырымдылығы үшін тапсырылатынын атап өтіп, алтын құрсақты аналарға марапаттарын табыстады.

Аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қыдыралы Оралов көпбалалы аналарға мықты денсаулық тілей отырып, тәуелсіз елімізге адал қызмет ететін өнегелі ұрпақ тәрбиелеулеріне тілектестіктерін білдірді. Отбасында ұлттық құндылықтарды сақтау, ұлттың жаңа сапасын көтеру мен ұрпақ тәрбиесіндегі аналарға жүктелген міндеттің ауқымдылығын атап өтті. Марапат барысында 3 ана «Алтын алқа», 4 ана «Күміс алқа» иегері атанды.

Бүгінгі таңда, аудан бойынша «Алтын алқа» иегерлерінің саны – 634, ал, «Күміс алқа» иегерлерінің саны – 1653-ті құрап отырғанын айта кетейік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.