ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: Жалпыхалықтық сенбілік өткізілді

0 2

Елімізде кең ауқымда өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сарыкемер ауылдық округінде де санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру бағытында жоспарлы жұмыстар ұйымдастырылуда.
Осыған орай, бүгін Сарыкемер ауылдық округі әкімшілігінің бастамасымен жалпыхалықтық сенбілік өткізілді. Сенбіліктің негізгі мақсаты – ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту, көріктендіру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.
Сенбілік барысында көшелердің көркіне нұқсан келтіріп тұрған ағаш бұтақтарын қырқу, бордюрлерді әктеу, аулаларды сыпыру, күл-қоқысты белгіленген орындарға шығару жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, әрбір тұрғын өз үйінің ауласын, көшесін, маңайын шөптен, күл-қоқыстан тазартты.
Тазалық – денсаулық кепілі!
Таза ауыл – мәдениетті қоғамның айнасы! Құрметті аудан тұрғындары, тазалық ең алдымен өзімізден басталады. Бұл мәселеге бей-жай қарамай, көшені, қоғамдық орындарды ластамай, тазалық мәдениетін сақтайық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.