Өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беру мен экономиканы цифрлық тұрғыдан жаңғырту үшін электр энергиясы жеткілікті көлемде болуы қажет. Ол үшін «жасыл» энергия нысандарын қосу маңызды. Бұл бағытта Тараз қаласында 200 МВт құрайтын бу-газ қондырғысының құрылысын салу жоспарланған.
Жобаларды іске асыру үшін Жамбыл ауданының аумағынан 25 га жер телімі берілді. Сондай-ақ, «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ 2027 жылы арналған инвестициялық бағдарламасы аясында қуаты 210 МВт құрайтын газ-турбиналық қондырғы орнату жоспарлануда. Бүгінде ЖСҚ мемлеттік сарапатамадан өтуде. Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ 2027 жылға қарай оңтүстік аймақтың электр желісін күшейту үшін облыс аумағында 300 шақырым құрайтын 500 кВ электр желісінің құрылысы және «Шу», «Жамбыл» қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы іске асырылатын болады. Бүгінгі таңда ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Жобаның құны 154 млрд. теңгені құрайды. Бүгінге, «Жамбыл-Шымкент» арасындағы әуе желісінің жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. «Шу-Жамбыл» арасындағы әуе желісінің жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуде. Әуе электр желілері Шу, Меркі, Т.Рысқұлов, Байзақ, Жамбыл және Жуалы аудандары аумақтары арқылы өтеді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.