Жуалы тұрғыны күн сәулесінен энергия өндіріп жатыр

0 6

Жуалы ауданының Көлтоған ауылының тұрғыны күн панелдерін орналастыру арқылы жарық өндіріп жатыр. Жаңа технологияны тиімді қолданған Ол көршілерін де электр энергиясымен қамтуда, — деп хабарлайды «ZhambylNews » Ақпараттық агенттігі.
Күннің көзін табыс көзіне айналдырған Елужан бұл істі көктемде бастаған. Алғашында Қытайдан күн панельдерін алдырып, бағанасын берік етіп терең орнатқан. Жабдықтардың найзағайға қарсы жүйесі де бар. Электр қуатын электр қуатын мамыр айынан бастап өндіре бастаған. Ерте көктемде күн панельдерін сатып алып, оған қажетті жаңа желі мен есептеуіш құралдарын да орнатқан. Өндірілген электр энергиясын онлайн бақылауға болады. Қазір ауладағы станцияның қуаты сағатына 50 киловатқа жеткен. «Жалпы жабдықтың бәрін жинақтауға 10 миллион теңге жұмсадым», дейді тұрғын.
-Президентіміз жасыл энергетиканы дамыту керек деді. Соған осы ауылда отырып өз үлесімді қосып жатырмын. 100 панель қойдым, 50 киловатт. Құдай қаласа, тағы 200 панель қойсам ба деген үміт бар. Бұл жыл мезгіліне қарамайды. Күн сәулесі түссе болды, өзі тагын шығара береді», — дейді Көлбастау ауылының тұрғыны Елужан Момышев.
«Ауылдық округімізде жалпы кәсіпкерлік нысандардың басым көпшілігі егін, мал шаруашылығы. Момышев – бүгінгі таңда облыс бойынша кәсіп жасап отырған азаматтардың ішіндегі күн электр энергиясын өндіру бойынша алғашқы тіркелген жоба болып отыр. Осы үшін ауыл тұрғындары мақтан тұтады», — дейді Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Жәнібек Мырзалиев.
Ауыл тұрғыны бүгінге дейін 70 мың киловатт электр энергиясын өндірген. Онысын көше басындағы трансформаторға береді. Одан ауылдастары жарық алып отыр. Ал кәсіпкердің сатқан электр қуатына «Жамбыл электр желілері» мекемесі тарифіне қарай қаражат төлеп отыр.
Жалпы Жамбыл облысы жаңартылған энергия көзін өндіру бойынша республикада үздік үштіктің қатарында. Аймақта жалпы қуаты 571 МВ-ттық 22 нысан жұмыс істейді. Оның 10-ы жел электр станциясы болса, 6 су және сонша күн электр станциясы бар.
«Соңғы төрт жыл ішінде кіші және үлкен қуаттағы жобалар іске асырылған. Оның бірі 2021 жылы іске қосылған Сарысу ауданындағы Шоқпар жел электр станциясы – қуаты 100 мегаватты құрайды. Сонымен қатар бүгінгі таңда облысымызда екі ірі жобаны іске асыру көзделіп отыр. Ол – 1 Гегаватты құрайтын жел электр станциясы. Мойынқұм ауданында және Талас пен Сарысу аудандарында жел электр станциясы жобаларын іске асыру көзделіп отыр», — дейді Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бас маманы Алмас Омаров.
Энергетиктердің мәліметінше, 2028 жылға қарай аймақтағы жаңартылатын энергия өндіретін нысандар қуаты 2,5 гигаватқа жетеді. Бұл облыс тұрғындары тұтынантын электр қуатының 60 пайызы болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.