Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Тәуелсіздік залында» (2.3.308 оқу кешені) Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі жұмыс бағыттарын және этностар арасындағы бірліктің ел тұрақтылығы мен дамуы үшін маңызын түсіндіруге арналған «Бірлік пен келісімнің мәні» атты кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің модераторы Басқарма мүшесі — Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек болды.
Шараның басты мақсаты – жастарға қоғамдағы бірлік пен келісімнің мәнін түсіндіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен таныстыру және этносаралық татулықтың мемлекет дамуы үшін маңызын кеңінен насихаттау болатын.
Бағдарлама аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі –Парида Мамедова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі, ЭМБ-мен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы –Елдос Жұмағұлов және «Қоғамдық келісім» РММ-сының ЭМБ-мен өзара іс-қимыл басқармасының аға сарапшысы –Мейіржан Нұрадинов сөз сөйледі.
Кездесу дәріс-дискуссия форматында өтіп, студент жастар баяндамашыларға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Спикерлер бірлік пен келісімнің – ел дамуының алтын арқауы екендігін атап өтіп, Ассамблея қызметінің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.
Шара соңында қорытынды сөз айтылып, қатысушылар естелік суретке түсті.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.