Диқанның көңілі тоқ: Жамбыл облысындағы жиын- терін науқаны жемісті

0 5

2025 жылғы шілде айынан бастап өңірде егін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 3,8 млн. тонна өнім алу жоспарлануда.
Қазіргі таңда 283,0 мың тонна дәнді масақ, 17,7 мың тонна майлы дақылдар, 720,6 мың тонна көкөніс дақылдары, 137,3 мың тонна картоп жиналды.
Ағымдағы жылы қант қызылшасы дақылын 5,2 мың гектар алқаптан таза салмақта 250 мың тонна өнім алу күтіледі.
Күзгі жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу мақсатында 9,3 мың дана ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылуда (о.і. 490 комбайн, 4318 трактор, 4500 басқа да техникалар).
2025-2026 жылғы мал қыстату маусымына мал азығын дайындау жұмыстары кестеге сәйкес 309,7 мың га жердің 307,4 мың га орылып, 2,1 млн. тонна пішен, 118,4 мың тонна пішендеме, 476,3 мың тонна сабан және 87,9 мың тонна сүрлем дайындалды.
Осы бағытта 4,3 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді (2,2 мың тоннасына қаражат төленіп, төленген көлемнің 2,0 мың тоннасы облысымызға жеткізіліп, 1,6 мың тоннасы таратылды).

Leave A Reply

Your email address will not be published.