Бүгінде қаланың кәріз сулары Жамбыл ауданында орналасқан 217 гектар аумақтағы сүзгі алаңдарына құюлуда. Сүзгі алаңдары шамадан артық толғандықтан, Аса өзені мен жер асты суларының ластану қаупі бар.
Сондықтан Тараз қаласының кәріз суларын тазарту кешенінің құрылысын салу бойынша Жол картасы әзірленді. Жол картасына сәйкес, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінен грант бөлініп, техника-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.
Жобаның қуаттылығы тәулігіне 80 мың текше метр болады деп болжануда.
Жобаны қаржыландыру «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және оның еншілес ұйымдары арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарды және ұлттық даму құралдарын шығару тетіктерін пайдалана отырып жүзеге асыру жоспарлануда.