Жамбыл обылысында денсаулық саласына инновациялық технологиялар енгізіліп, цифрландыру жұмыстары жүргізілуде

0 4

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Президент Үкіметке: «Жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруға тиіс», – деп нақты тапсырма берді.
Бұл бастама ел көлемінде біртіндеп жүзеге асып жатса, Жамбыл облысында нақты іске айналып отыр.
Өңірде жасанды интеллектіге негізделген жобалар, инфрақұрылымдық жаңғырту, кадрмен қамтамасыз ету және халыққа алғашқы медициналық көмекті жақындату бағыттарында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
2025 жылдың ақпан айынан бастап Жамбыл облысында ЖИ технологияларына негізделген телерадиология жобасы іске қосылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «WDSOFT» компаниясымен бірлесіп, ТМД елдерінде баламасы жоқ бірыңғай радиологиялық ақпараттық жүйені қалыптастырды. 22 медициналық мекеме бір желіге біріктіріліп, радиологиялық зерттеулер орталықтандырылған форматта жүзеге асады.
Бұл жоба бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде ауруларды ерте анықтауға бағытталған.
Жасанды интеллектінің көмегімен диагноз дәлдігі артып, емделушілердің өмір сүру сапасы мен ұзақтығы жақсарады.
2023-2027 жылдарға арналған ұлттық кешенді жоспар аясында машиналық көру және когнитивті технологиялар енгізілуде.
-«x-Eye Mammo» сүт безі қатерлі ісігін, «x-Eye Toraks» өкпе обырын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект, тіпті, 1 мм көлеміндегі түзілістерді де көре алады. Ал адам көзі тек 5 мм-ден кейін байқайды. Бұл – ерте диагностика мен уақытылы емдеудің кепілі,-дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек.
Жамбыл облысында жүзеге асып жатқан жобалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған стратегиялық мақсаттармен толық үндеседі. Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу диагностика сапасын арттырып, медициналық қызметтердің тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл қадамдар денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын күшейтіп, дәрігер мәртебесін нақты істермен көтеруге ықпал етуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.