«Жасыл мектеп» атты акциясы өтті

0 7

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы аясында Жібек жолы ауданының мектептерінде «Жасыл мектеп» атты экологиялық акциясы бастау алды.

Іс-шара барысында Тараз қаласындағы №62 орта мектептің оқушылары, сондай-ақ ауданның басқа да мектеп оқушылары өз білім ордаларының аумағына жеміс ағаштарын, жапырақты және қылқан жапырақты ағаш түрлерін отырғызады.
Барлығы 100 жеміс ағашы және түрлі сәндік ағаштар мен бұталар отырғызу жоспарланған.

Акцияның басты мақсаты – әрбір оқушының өз мектебінің абаттандырылуы мен көгалдандырылуына үлес қосып, табиғатқа ортақ жауапкершілікті сезінуіне мүмкіндік беру.
Әр оқушы өз есімімен белгіленген ағаш отырғызып, ол мектеп аумағын көркейту мен табиғатты қорғаудағы жеке үлесін білдіретін болады.

Іс-шара Жібек жолы ауданы әкімдігінің, аудандық білім бөлімінің, Baytaq жасылдар партиясы және белсенді қоғам өкілдерінің қолдауымен өткізіледі. Бұл бастама Жібек жолы ауданы аумағын көгалдандыру және экологиялық мәдениетті арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.