«ЗАҢ МЕН ТӘРІП: саналы ұрпақ, қауіпсіз қоғам»

0 3

Жуалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияда «Заң мен тәртіп – Қауіпсіз Қазақстан үшін» қағидаты аясында «Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз болашақ!» тақырыбында оқушылармен тағылымды кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу арқылы қауіпсіз әрі саналы қоғам құруға үлес қосу.

Шараға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ерназар Жүзбаев, аудандық полиция бөлімінің инспекторы Илияс Жұмағұлов, аудандық полиция бөлімінің зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің басшысы Бексұлтан Таңсықбай, аудандық жастар ресурстық орталығының заңгер-маманы, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты.

Кездесу барысында мамандар оқушыларға құқықтық жауапкершілік, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың салдары, зорлық-зомбылықтың алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік, жеке құқықтар мен міндеттер туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, өмірде жиі кездесетін түрлі жағдайлар мысалға алынып, заңды сақтаудың маңыздылығы жан-жақты баяндалды.

Шара барысында сөз алған спикерлер жастарды өз құқықтары мен міндеттерін терең білуге, заңға бағынатын, тәртіпті, саналы және жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуға шақырды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар беріліп, пікір алмасу белсенді түрде өтті.

Кездесу соңында мұндай тағылымды іс-шаралардың жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.