Мектепте «Жас сақшылар» ант қабылдады

0 8
Қаламызда өтіп жатқан «Жас сақшылар» республикалық форумның 1-ші кезең аясында Тараз қаласындағы №15 мектеп-гимназиясында жаңадан құрылған «Жас сақшы» полиция сыныбының салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері, еліміздің 19 облысынан келген «Жас сақшы» полиция сыныптарының делегациялары, Жамбыл облысы Полиция департаментінің және Тараз қаласы Полиция басқармасының жеке құрамы, қалалық білім бөлімінің өкілдері, мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Салтанатты рәсім барысында жас сақшылар Отанға адал қызмет етуге, заң мен тәртіпті құрметтеуге, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған ант қабылдап, арнайы куәліктерге ие болды.
Жиында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев сөз сөйлеп, «Жас сақшы» жобасының өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруда, патриоттық тәрбие беруде және жасөспірімдердің жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруда маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар жастарды ел қауіпсіздігі жолында қызмет етуге тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.