Жастардың жарқын ісі көпке үлгі

0 40
Қаратау қаласындағы киелі «Тамды әулие» бұлағы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп, аудан жастары бұлақ маңын қоқыстан тазартып, көріктендіру жұмыстарын жүргізді.
«Жастар ресурстық орталығының» қыз­меткерлері бұлақ маңын қоқыстан та­зартып, аумақты ретке келтіріп, табиғи ортаның көркін сақтауға үлес қосты.
Сонымен қатар, ағаштарды ақтау, қураған шөптер мен қоқыстарды жинау сынды жұмыс­тар жүргізілді. Жас­тардың табиғатқа жанашыр­лы­ғын арттыру, киелі орындарды таза ұстау арқылы қо­ғамдық жауапкершілік пен мәдениет­ті арттыру бағытындағы мұндай игі шаралар аудан аумағында үздіксіз ұйым­дастырылып, ниет білдіруші жас­­тар­дың қатары күн санап көбейіп жатқандығы көңіл қуантады.
«Жасыл ел» жасақтары да елдік іске етене араласып, Қаратау қаласы мен аудан аумағында тазалық пен тәртіпті нығайтуға өз үлесін қо­суда. Жасақ жастары сенбілік­тер ұйымдастырып, қоғамдық орындарды, саябақтар мен өзен-көл жағалауларын қоқыстан та­зартып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды жұмыстар атқаруда.
Сонымен қатар, жасақ мүшелері тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға атса­лысып, табиғатты аялау, қоқысты сұрыптау және қоршаған ортаны ластамау жөнінде түсіндіру жұмыс­тарын жүргізуде. Аудан жастары мен «Жасыл ел» жасақтарының бұл игі ісі – еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға және «Таза Қазақс­тан» идеясын жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам.
«Таза Қазақстан» — елімізде қор­шаған ортаның тазалығын сақ­тауға, экологиялық мәдениетті қалып­тас­тыруға бағытталған кең ау­қымды экологиялық акция десек, бұл бас­та­ма қоғамды табиғатты қор­ғауға, ау­ла, көше, өзен-көлдер мен киелі орын­дарды таза ұстауға жұмыл­дырады. Жалпыұлттық игілікті іс­те аудан жастары да белсенділік танытып келеді. Олар бірлікпен ең­бек етіп, табиғатты таза ұстаудың маңызын өз істерімен көрсетуде.
Leave A Reply

Your email address will not be published.