Геннадий Головкин “P4P-королі” атанды

0 1

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBA) Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) статистикасын еске салды.

«GGG – P4P-королі, жылдың үздік боксшысы, нокауттар проценті – 80% астам», – делінген WBC-тің Твиттердегі микроблогында.

2017 жылдың соңында атақты The Ring журналы Головкинді “P4P-королі” деп атады.

Айта кетейік, 2018 жылдың 5 мамыры күні Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванштық кездесу өткізеді деп күтілуде. Боксшылар өткен жылдың 16 қыркүйегі күні Лас-Вегаста өткен олардың алғашқы айқастары тең аяқталған болатын.

Қазіргі уақытта Геннадий Головкин WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белдіктеріне ие.

Дереккөз: baribar.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.