Синоптиктер күн қашан жылынатынын айтты

0 0

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның көптеген өңірінде қалыптасқан қатты аяз басылатынын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 29 қаңтардан 30 қаңтарға дейін аяз Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында босаңсып, аптаның аяғында ауа температурасы -35-41 градустан -15-23 градусқа дейін, түнде -25-33 градустан -7-15°C дейін көтеріледі.

Оңтүстік аймақтарда түнгі температура -21-35 градустан -5-13 ° C, күндіз -15 -2-ден -2 + 3 ° C дейін көтеріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда синоптиктер орталық, солтүстік және шығыс облыстарда қатты аяз болатыны туралы дабылды ескерту жасаған болатын.

Одан кейін қатты аяз еліміздің оңтүстік аумақтары Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына да жетіп, 29 қаңтарға дейін осы ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.