Ақтөбелік мектеп оқушысы Мұса Түркімбаев турникте тартылудан спорттық рекорд орнатты, дейді 24.kz.
Сегіз жастағы балақай турникке бір тұрғанда 42 рет тартылып, 1600 рет «отжимание» жасап тастады.
«Қазақстандық рекордым 42 рет тартылу. Ал өз рекордым 50 рет тартылу. Арманым бар. Дзюдодан үш дүркін әлем чемпионы болып, жүкпен және жүксіз тартылудан 2 әлем рекордын орнатқым келеді«, — дейді бала Мұса.
Баланың дене шынықтырудан дәріс беретін мұғалімі Роман Дмитриев Мұсадан мықты спортшы шығады деп отыр.
Дереккөз: 365.kz