Жамбыл облысында 204 контрафактілік өнім заңсыз айналымнан алынды

0 9

Жамбыл облыстық Әділет департаменті мекеменің 2017 жылы атқарған жұмысының қорытындысын жариялады. Департамент басшысы Дархан Игембаевтың сөзіне сүйенсек, есепті кезенде мекеме тарапынан 79 016 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

Оның ішінде, 2017 жылдың 12 айында 64 140 жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, 1 601 заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мен филиалдар, өкілдіктерді есептік тіркеу жасалған. Сондай-ақ, 47 526 хал актілері тіркелген.

Департамент зияткерлік меншік құқықтарының сақталуын да жіті қадағалайды. Осыған орай, зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын субъектілерге қатысты 3 тексеру жүргізген. Нәтижесінде, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158 бабы, бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану, бойынша 4 әкімшілік өндіріс қозғалған. Заңсыз айналымнан жалпы соммасы 335 495 теңгені құрайтын 204 дана контрафактілік өнімдер  алынған.

Фото: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.