Тараз бен Шымкентте жер сілкінісі сезілді

0 28

Ауғанстанда болған жер сілкінісін Тараз бен Шымкент тұрғындары да сезді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ХАА ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Жер сілкінісі 13 сағат 07 минут 00 секундта тіркелді, эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 894 км қашықтықта, Ауғанстан аумағында болды. «Энергетикалық санаты 14.1. Магнитуда MPV 6.9. Ошағының тереңдігі 180 км. МSК-64 шкаласы бойынша: Шымкентте 3-4 балл, Таразда 3 балл сезілді», — деп жазылған хабарламада.

Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша шамамен сағат 12.56-да сезілген.

Nuz.uz хабарлағандай, Өзбекстанның астанасы Ташкентте де 4 балдық жер сілкінісі сезілген.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.