Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Меркі ауданына барды

0 13

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Меркі ауданына барды. Онда аймақ басшысы кәсіпорындардың жұмысымен танысып, бірнеше құрылыс алаңдарына ат басын бұрды.

Аймақ басшысына әуелі бірнеше нысанның әлеуеттік жай-күйі таныстырылды. Сонан соң Асқар Мырзахметов жөндеуді қажет ететін білім ошақтары, медициналық қызмет көрсету пункттері мен спорт кешендерін көзбен көріп шықты. Олардың ахуалымен толық танысқан өңір басшысы туындаған мәселерді қалай шешу жолын да ұсынды.

Мәселен, облыс әкімі аудандағы егін алқаптарындағы су тапшылығын жоюға және балық еті экспортының көлемін арттыруға тоғандардағы суды тиімді пайдалану сеп болатынын ескертті. Осы арқылы бос жатқан егін алқаптарын игеруге, қант қызылшасының өнім көлемін арттыруға болатынын, екінші жағынан балық өсіруге таптырмас тәсіл екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің жұмысын ілгерілетіп, мемлекет қаржысын үнемдемек.

Сондай-ақ, Асқар Исабекұлы қайта жөндеуді қажет ететін спорт кешендері мен мектептердің қаржысы дұрыс жоспарланбандығын атап өтті. Себебі, аудандағы медициналық қызмет көрсету мен білім беру саласында нәтиже көңіл көншітпейді.

Ал, Меркі аудандық әкімдігінде жалғасқан жаңа форматтағы актив жиынында аудандағы өзге де салалардың мәселелері қаралды. Маңызды шешімдер де қабылданды.

Дереккөз: taraztv.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.