Instagram-да видеоқоңырау болады

0 0

Жуық арада танымал Instagram әлеуметтік желісінің пайдаланушылары қосымша арқылы видеоқоңыраулар соғу мүмкіндігіне де ие болады, деп жазады techradar.com.

Әзірленіп жатқан жаңа функция іOS және Android пайдаланушыларына бірнеше айдан кейін қолжетімді болады. Бірақ Instagram өкілдері бұл ақпаратқа пікір білдіруден бас тартып отыр. Видеоқоңырау функциясы әзірше Instagram-ның бас компаниясы Facebook-тің басқа сервистерінде — Facebook Messenger және WhatsApp қосымшаларында бар.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.