Әуесқой бокс Олимпиада бағдарламасына енбей қалуы мүмкін

0 14

Халықаралақ Олимпиада комитеті (ХОК) 2020 жылы өтетін Олимпиада бағдарламасынан әуесқой боксты алып тастауы мүмкін. Бұл туралы Пхенчхандағы жиында ХОК-тің президенті Томас Бах мәлімдеді.

Комитет АИБА-да (Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы) болып жатқан жағдайларға алаңдаулы екенін айтады. Федерацияда бірқатар шешілмеген мәселелер бар. Сол үшін басқарушылар құрамын тексеруді бастады.

2017 жылдың соңында федерацияның экс-президенті Чинг-Куо Ву қаржылық жағдайды нашарлатты деген айыппен қызметінен босаған еді. Қазіргі уақытта AIBA президентінің қызметін  өзбекстандық кәсіпкер Гафур Рахимов атқарып жатыр. Бұл ХОК-тің алаңдаушылығын туғызып отыр.

Айта кетейік, комитет аталған мәселені қайта қарайтын болады.

Дереккөз: baribar.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.