Аниме жанрындағы мультфильмдерді ешқашан көрмеген болсаңыз немесе ұнатпасаңыз да, мына мультфильмдер сіздің аталмыш жанрға деген көзқарасыңызды өзгертеді. Baribar.kz назарларыңызға ең мықты режиссерлердің үздің туындыларын ұсынады.
Могила светлячков
- Драма, әскери.
- Жапония, 1988ж.
- Көру ұзақтығы: 89 мин.
Бұл мультфильм көрермендердің таңдауымен аниме туындыларының арасында ең үздігі болып танылған. Мультфильм Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, ата-анасынан айырылған ағалы қарындас туралы. Екі кішкентай баланың қиын қыстау заманында көрген қиыншылықтарын суреттейді. Бұл мультфиьмді көріп отырып, көзге жас алмау мүмкін емес. Бауырға, жақыныңа, өмірге деген көзқарасыңызды өзгертеді.
Могила светлячков мультфильмінің трейлерін осы сілтемеден көре аласыз.
Шёпот сердца
- Драма, мелодрама.
- Жапония, 1995.
- Көру ұзақтығы: 111 мин.
Сидзуку әр бос уақытын кітап оқуға арнайды. Күндердің күнінде қыз бала оқып жүрген кітаптарының барлығында “Сэйдзи Амасава оқыған” деген жазуды байқап қалады. Қызығушылықтары мен таңдауларының ұқсастығы Сидзукуды таңғалдырғаны соншалық, бозбаламен жақыннан танысуға бел буады. Сидзуку мен Сэйдзидың қарым қатынасы қалай өрбиді екен?
Девочка, покорившая время
- Фантастика, драма, мелодрама, комедия.
- Жапония, 2006.
- Көру ұзақтығы: 98 мин.
Қорқынышты жол апатынан аман қалған Макото, кенеттен уақытты артқа айналдыратын қасиетінің пайда болғанын байқайды. Макото осы қасиетін пайдаланып, ұнамсыз жағдайлардың өмірінде орын алуына жол бермейді. Алайда бұл ұзаққа созылмайды. Уақыт өте келе, мұның қасиет емес, болашақтан келген Тиаки есімді балаға тиесілі уақытты басқаратын құрылғы екені анықталады. Макото бұл құрылғыны Тиакиға қайтарып береді ме?
Твоё имя
- Фэнтези, драма, мелодрама.
- Жапония, 2016.
- Көру ұзақтығы: 110 мин.
Мицуха таулардың арасында орналасқан кішкентай қала мектебінің оқушысы. Ол тезірек бойжетіп, үлкен қалаға аттануды армандайды. Таки – Токиода тұратын қаланың баласы. Олар бірін-бірі ешқашан көрмеген, танымайды да. Бірақ екеуінің арасында өзгеше бір байланыстың бары анық. Таки мен Мицуха түстерінде жандарын ауыстыратын қасиетке ие болады. Бір-бірінің өмірін сүру, олар үшін жәй ғана қызық ойын болып көрінеді. Дегенмен де, ойыннан от шығады емес пе?!
Сад изящных слов
- Мелодрама.
- Жапония, 2013.
- Көру ұзақтығы: 46 мин.
Такаоның аяқ киімге деген қызығушылығы соншалық, осы әуестігіне өмірін арнағысы келеді. Аяқ киімдерінің эскиздарын салу үшін мектептен қашып, балабақшаға баратынды шығарады. Бір күні Такао, Юкио есімді ерекше әйелмен танысады. Ерекшелігі – Юкио далаға тек жаңбырлы күндері шығатын. Такао өзіне құпия болып көрінген әйелге ғашық болып қалады. Бірақ өкінішке орай, жаңбырлы маусым аяқталуға шақ қалады. Олардың қайта кездесуі белгісіз.
5 сантиметров в секунду
- Драма, мелодрама.
- Жапония, 2007.
- Көру ұзақтығы: 63 мин.
Мультфильм әдемі, әрі қайғылы үш бірдей махаббат дастаны туралы. Мұнда уақыт пен ара қашықтықтың маңыздылығы жайында суреттеледі. Сюжет басты рөлдегі Такаки Тоно есімді баланың өмірі мен ер жетуі жайында. Ол арадағы алшақтыққа қарамастан, өз махаббат қарым-қатынасын сақтап қалуға тырысады.
Воспоминания о Марни
- Драма.
- Жапония, 2014.
- Көру ұзақтығы: 123 мин.
Анна – асыранды бала. Оны асырап алған ата-анасы да, басқа жандар да түсіне алмайды. Ол үнемі жалғыздықты сезінеді. Аннаның жалғыз ғана жұбанышы – сурет салу. Бір күні сабақ кезінде Анна демігіп, талып қалады. Емделуге ата-анасы оны жағалауда тұратын туыстарына жібереді. Сол жағалауда Марни есімді жұмбақ қызбен танысады. Уақыт өте келе Марнидың еш хабарсыз жоғалып кетуі оған тылсым дүние болып көрінеді.
Ветер крепчает
- Драма, биография, тарих.
- Жапония, 2013.
- Көру ұзақтығы: 126 мин.
Дзиро Хорикоши Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойғыш ұшақтарды ойлап шығарған адам. Аниме оның шытырман өмірі туралы. Мультфильм режиссері Хаяо Миядзакидың айтуынша, бұл оның ересектерге арнап шығарған жалғыз туындысы.
Дереккөз: baribar.kz