Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дарынды жас мамандарды іздестіру бойынша кезекті науқанның басталғанын жариялайды.
Ұлттық Банк жоғары оқу орындарының дарынды түлектерін және экономика және қаржы саласында ғана емес, юриспруденция, инженерия, энергетика, құрылыс, ақпараттық технологиялар, киберқауіпсіздік және басқа да салаларда тәжірибесі бар мамандарды тарту жөнінде үнемі жұмыс жүргізіп отырады.
Ең үздіктерін таңдау кезең-кезеңімен жүргізіледі. Үміткерлерге резюмелерін, эссе тапсыру және құрылымдық бөлімшелерде, бөлімшелердің басшыларымен, сондай-ақ Ұлттық Банк басшылығымен әңгімелесуден тұратын бірнеше іріктеу деңгейінен өту ұсынылады.
Үміткерлерді таңдау кезіндегі негізгі өлшемшарттар: біліктілік деңгейінің жоғары болуы, тиісті білім, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржы және тіл курстарынан өту сертификаттарының болуы, сондай-ақ үміткердің әлеуеті.
Егер Сіз жақсы мансап жасап, Ұлттық Банктің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін бізбен бірге болғыңыз келсе, еліміздің бас банкінің корпоративтік құндылықтары мен дәстүрлерін бірге бөліскіңіз келсе, осы науқанға қатысып, ҚРҰБ ұжымының бір бөлігі болуға шақырамыз!
Ол үшін 2018 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 наурыз (қоса алғанда) аралығында Ұлттық Банктің ресми сайтында (www.nationalbank.kz, «Ұлттық Банк туралы» бөлімі/«ҚҰБ-ға жұмысқа орналасу»/«Резюменің электрондық нұсқасы» бөлімшесі) орналастырылған «Резюменің» электрондық нұсқасын толтыру, резюменің файлын талаптарға сәйкес сақтап, HR@nationalbank.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет.
Сонымен бірге жұмысқа орналасу бойынша, іріктеу кезеңдері туралы ақпаратты, сондай-ақ Ұлттық Банктің қызметімен байланысты кез келген сұраққа жауапты App Store және Play Market платформаларында қолжетімді «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы алуға болады.
Резюме мен эссені қарау қорытындысы бойынша іріктелген үміткердің резюмесінде көрсетілген электрондық пошта немесе телефон арқылы тестілеуге және әңгімелесуге шақырылады.
ҚР Ұлттық Банкінің
Жамбыл филиалы