Жамбылдық құтқарушылар таулы аймақта 10 жасар қызды құтқарды

0 7

Жамбылдық құтқарушылар медициналық көмекке мұқтаж 10 жасар қызға шұғыл көмек көрсетті.

Биылғы жылдың 4 ақпанында «112» құтқару қызметінің телефон нөміріне хабарлама келіп түскен. Хабарласушылар Талас ауданы Майтөбе ауылына қарасты таулы аумақтағы Жұрындысай қыстағында ауруға шалдыққан 10 жасар қызға көмекке аттанған медициналық автокөлігі жете алмай жатқанын жеткізген.

Белгілі болғандай, жедел медициналық көмек жолды қалың қар басуы салдарынан көмекке жете алмаған. Оқиға орнына Жедел құтқару жасағының құтқарушылары № 3 кезекшілік ауысымының жол талғамайтын «Трэкол» автокөлігімен шыққан.

«Хабарлама түскен жерге келіп жеткен соң 10 жасар қыз ойын барысында құлап және басы шайқалғандығы анықталды. Баланы анасымен жедел жәрдем автокөлігіне жеткізіліп, медициналық қызметкерлер тобына тапсырылды. Сонымен қатар құтқарушылар баланың ата-анасына психологиялық тұрғыдан қолдау беріп, көмек көрсеткен» – дейді облыстық ТЖД мамандары.

Фото: ekaraganda.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.