«Қазақфильм» сценарийлер байқауын жариялады

0 3

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қарасты «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметрлі көркемфильмдер сценарийлеріне конкурс жариялайды.

Конкурстық жұмыстар 7 ақпан мен 7 мамыр аралығында қабылданады және сценарийлерді еліміздің танымал кинематографистері іріктейді. Шарт бойынша конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Конкурсқа қысқаметражды көркемфильмдерге арналған сценарий немесе әдеби шығарма негізінде қазақ не орыс тілдерінде, 5-20 бет көлемінде жазылған сценарийлер қабылданады. Сонымен қатар қатысуға ниет білдірген азаматтардың киноға жақын сала бойынша білімі болғаны абзал. Конкурсқа жолданатын ұсыным тәртібі бойынша автор туралы қысқа ақпарат және оның осыған дейін жасаған жұмыстары (2 бетке дейін); аннотация (500 белгіге дейін); синопсис (3000-4000 беліге дейін) болуы шарт. Конкурстық жұмыстарды үш айдың көлемінде debut@kazakhfilmstudios.kz электронды поштасы арқылы жіберуге болады.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.