Қазақстанда доллар 324 теңгеге дейін нығайды

0 13

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 теңгемен (USDKZT_TOD және USDKZT_TOМ) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша (CNYKZT_TOD) таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 16 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 323,87 теңгені (-0,19 теңге) құрады, ал сауда-саттық көлемі – 19 400 мың USD (-90 250 мың USD) болды.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер болған жоқ

Есептесуі T+0 теңгемен еуро орташа сараланған бағамы бір еуроға 400,80 теңгені құрады, ал сауда-саттық көлемі – 100 мың еуро.

Есептесуі Т+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер болған жоқ

Есептесуі Т+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 51,7300 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 500 мың юань.

Осы хабарламада аталған трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.