Дубайда жаңа той салоны ашылды. Жаңа салонға қалыңдықты тұтас бойымен бейнелеп пісірген торт қойылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап.
Кондитерлік қалыңдық киген той көйлегінің авторы — британиялық дизайнер Дэбби Уингхэм. Той көйлегі мен хиджаб кремнен, шоколад пен мастиктен жасалды.
Бұдан басқа, қыздың қолындағы той сақинасында гауһар тас бар.
Жейтін әдемі қалыңдық мүсінінің бағасы – бір миллион доллар.
Айта кетейік, Қазақстанда да мұндай бағалы, әрі салмағы ауыр торт жұртты таңғалдырған. Ресейден жеткізілген ерекше торттың бағасы 59 миллион теңге болды.
Кейінірек, ресейлік кондитер Ренат Агзамовтың өзі Instagram-да тортқа қатысты ақпарат жариялады. Торттың диаметрі — 3 метр, астындағы арбамен бірге биіктігі — 4,2 метр, салмағы — 1500 келі болып шықты.
Дереккөз: Baq.kz