Жасыл әлемді қолдайтын «Гринпис» ұйымының мамандары Антарктидада қорық ашу туралы бастама көтерді, деп хабарлады 24.kz телеарнасы.
Оның көлемі екі миллион шаршы шақырым аумақты қамтиды. Егер бастама қолдау тауып, жүзеге асатын болса, бұл жер жабайы жануарларға қорған болатын әлемдегі ең үлкен қорыққа айналады. Қазір ғалымдар аймақтың экологиялық ахуалын зерттеуге кіріскен. Олар жаһандық жылынудың Антарктидаға әсері қандай ластану деңгейі қаншалықты жылдам және тылсым табиғаттың үйлесімділігін бақылауға кіріскен. Ал қорық құру туралы жоба Еуропалық Одақтың қарауына ұсынылды. Ол қазан айында Австрияда өтетін конференцияда талқыланбақ. Қазірдің өзінде Германия үкіметі қолдау білдіріп отыр.
Уилл Макмиллан, эколог:
– Қазір балық аулумен айналысатын компаниялардың іс-әрекетін бақылап отырмыз. Басым бөлігі ұсақ шаяндарды аулауға бет бұрған. Ал бұл шаяндар – теңіз жануарларының негізгі азығы. Сондықтан олардың азайып не жойылып кетуі өзгелеріне кері әсер етуі де мүмкін.