«Болашақ» бағдарламасына биыл 555 стипендия бөлінді

0 8

Мемлекет басшысы еліміздің білімді жастары шартарапта білімін шыңдасын деген мақсатпен 1993 жылдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын жүзеге асырды. Ал, бағдарламаның үміткерлерге қойған талаптары қандай? Президент стипендиясының иегері атану үшін не істеу керек? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды деп хабарлайды  taraztv.kz.

Бүгінге дейін 12 мыңнан астам Қазақстан азаматы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанған. Қазіргі таңда 1053 студент әлемнің озық оқу орындарында білім алып жатыр. Өткен жылы Жамбыл облысы бойынша 10 азамат бағдарламаның игілігін көріп, қазіргі уақытта мемлекеттің өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Үкіметаралық келісім негізінде біздің елдің талапкерлері үшін шет мемлекеттер 7500-ден аса грант бөліп, бүгінде  құжат қабылдауды бастады. Мәселен, Венгрияда білім алу үшін құжаттарыңызды 23 ақпанға дейін тапсырып үлгеруіңіз қажет. Бұл мемлекет биыл 200 грант бөліп отыр. Ал, «Болашақ» бағдарламасына тапсыру үшін құжаттарды қабылдау науқаны наурыз бен тамыз айлары аралығында жүргізіледі. Биыл 555 азамат Елбасы ұсынған стипендияның иегері атана алады.

Алтай Нұрманов – «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ МАМАНЫ

 «Болашаққа» түсу 7 категория бойынша анықталады. Магистратура бойынша, бірінші – өз бетінше түскендер, екінші – мемлекеттік қызметкерлер, үшінші – БАҚ редакцияларының қызметкерлері, төртінші – жалпы конкурс, бесінші – ғылыми және педагогикалық қызметкерлер, алтыншы – мәдени, жетінші – инженерлік-техникалық қызметкерлер. Сонымен қатар, докторантура, резидентура және тағылымдамадан өтуге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.