Рухани жаңғыру: Шу ауданында әлем әдебиеті күні аталып өтті

0 13

«Әлем әдебиетінің жауһарлары». Осындай атаумен Шу ауданында Елбасының бағдарламалық мақаласындағы «100 кітап» жобасы аясында әдеби кеш ұйымдастырылды деп хабарлайды JAMBYL TV

Аталған іс-шара жастарды кітап оқуға баулып, ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілді. Мемлекет басшысы ұсынған мақаладағы «Рухани қазына», «Туған жер – туған ел» кіші бағдарламаларын ілгерілету үшін кітап көрмесі де ұйымдастырылды. Онда өскелең ұрпаққа қазақ әдебиетінің және әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармалар таныстырылды. Ертегілердің  халық ауыз әдебиетіндегі рухани маңызын жас жеткіншектерге түсіндіру мақсатында Шу аудандық балабақшасы «Сиқырлы ертегі» композициясын қойды. Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектеп оқушылары бірлік  пен ынтымақты, достық пен мейірімділікті насихаттайтын «Үйшік» және «Қақпанға түскен қасқыр» ертегілерінен үзінді сахналады. Әдеби кеш соңында орталықтандырылған кітапхана ұжымы қатысушыларға алғысын білдіріп,оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Бағдагүл Алжанбаева – ШУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Биылғы жыл балалар әдебиетінің жылы болып алынды. Сондықтан да, біз іс-шараға Шу ауданы бойынша жасөспірімдер мен балалардан құралған оқырмандарды шақырып отырмыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.