Таразда «Алғыс айту күні» аталып өтті

0 1

Бүгін Тараз қаласында «Алғыс айту» күні аталып өтті деп хабарлайды Zhambylnews АА.

Осы мерекенің шеңберінде «Рахмет саған,Туған ел!» атты балалар суреті байқауының салтанатты марапаттауы болды.Байқауға украин, поляк, тәжік, татар, қазақ, кәріс этномәдени бірлестіктері мен №31, №35, №40 мектеп, мектептен тыс орталық, балалар шығармашылығы орталығынан 25 жұмыс келіп түскен. Суреттерде әр баланың Отанға деген сүйіспеншілігі мен мақтанышы көрініп – ақ тұр.

Байқау нәтижесі бойынша:

1 – орын — №35 орта мектеп оқушысы Чистякова Анна;

2 – орын — №40 орта мектеп оқушысы Клименко Полина;

3 – орын — №31 орта мектеп оқушысы Бугаева Мариям – жеңіп алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.