Америкалық ғалымдар мысықтың пырылы адам жарақатының регенерациясын жылдамдатады деп санайды. Мұндай дыбыс күйзелісті азайтып, адамды тынышталдырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Пырыл нейрондардың үйлесімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, нәтижесінде адам күйзелісті тез жеңіп шыға алады. Ғалымдар мысықтар пырылдаған кезде шығатын вибрациялар сүйектер сынған жағдайда оларды қалпына келтіруге әсер етеді дейді.
Төмен жиілікті импульс кальцийді өндіруге жағдай жасайды. Сонымен бірге мысық иелері жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларына сирек шалдығады.
Дереккөз: Baq.kz