Жамбыл облысы Жуалы ауданында 41 жастағы .Т. есімді азамат суға батып кетті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Азамат балық аулауға шыққан болуы мүмкін.
«1977 жылғы .Т.есімді азаматтың денесін жергілікті тұрғындар тауып, полиция қызметкерлеріне хабарлаған. Оқыс оқиға Қарабастау ауылынан 2 шақырым жерде, «Билікөл» көлінде орын алған»,- деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Азаматтың неден қайтыс болғаны анықталу үстінде.