Павлодарда тұңғыш рет Мәшһүр Жүсіптің көне қолжазбалары көрсетіледі

0 2

Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Ғұлама тағылымы» атты тақырыптық көрме өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Облыстық ішкі саясат басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын, қазақ ауыз әдебиетін жинауда зор еңбек сіңірген тарихи тұлға, ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қолжазбалары тұңғыш рет Павлодар өңіріне әкелінеді.

— Ақынның қолжазба тұпнұсқаларын ақын дүниеден өткен соң ұрпақтары Алматы қаласының және көшірмелерін Семей, Павлодар архивтеріне тапсырған. Сирек қолжазбалар қорында жылдар бойы сақталып келе жатқан асыл жауһарлар — қолжазбаларды жарыққа шығарып, туған елімен қауыштырып, халық игілігіне ұсыну «Ғұлама тағылымы» атты көрменің басты мақсаты болып табылады. Сонымен қатар  көрмеде Баянауыл ауданы, Ескелдідегі ақынның мемориалдық музейінен әкелінген  жеке заттары — құран, мұстек қобдишасымен, жез леген, кісе белбеу, кұмажнек, шақшалары, көзілдірігі келушілердің назарына ұсынылады, — деді басқарма мамандары.

Аталмыш іс шараға ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасының» бас директоры Бауржан Төлтаев, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Ардақ Райымбеков, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің немересі, ақынның мемориалдық мұражайының басшысы Қажымұқан Пазылов және тағы басқалары қатысады.

Көрме Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде ( Павлодар қаласы, Ак.Марғұлан көшесі, 97) өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.