Ел игілігіне бағытталған 5 бастама

0 9

Достық үйінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді, деп Jambyl.tv хабарлайды.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған әрбір әлеуметтік бастамалары барша Қазақстандықтар үшін аса маңызды.  Себебі, онда айтылған әрбір міндеттер ел игілігіне бағытталып, халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартуға негізделген. Оны кез-келген азамат білуі  тиіс.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері ,банк қызметкерлері және кәсіпкерлер мен заңгерлер қатысты. Олар Елбасы ұсынған негізгі міндеттерді атап өтіп, алдағы уақытта халықтың әлеуетін жақсартуға бағытталған жұмыстардың жүзеге асыру  тетіктерін айтты. Мәселен, алдағы уақытта кез-келген  Қазақстандық азамат баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін пайдаланады. Ол үшін Ұлттық банк арнайы ұйым құру арқылы ипотекалық несиенің 7-20-25 бағдарламасын әзірлейді.  Осы шарт бойынша берілетін  несиенің өсім мөлшерлемесі 7 пайыздан аспайды және  бастапқы жарна 30 пайыздан 20 пайызға түсіріледі.

Қайрат Нұрманбетов-М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ  ЗАҢ  ФАКУЛЬТЕТІНІҢ  ДЕКАНЫ:

«5 әлеуметтік бастаманың негізгі мақсаты қарапайым сөзбен айтқанда Қазақстан азаматының соның ішінде жастардың мемлекеттің қолдауымен жақсы білім алуы. Мемлекеттің қолдауымен жақсы жайларда өмір сүруі.Сосын өз мандығына ие болғаннан кейін өз кәсіптерін ашуына мүмкіндік алып, жұмыс істеп үйлі болу деген мақсатты алға қойған дүние «

Leave A Reply

Your email address will not be published.