«Армысың, әз-Наурыз!» атты көктемгі мерекелік іс-шара өтті

0 18

Бүгін Тараздың белсенді жастарының ұйымдастыруымен «Армысың, әз-Наурыз!» атты көктемгі мерекелік іс-шара болып өтті, деп Zhambylnews хабарлайды.

400-ге жуық қала тұрғыны тамашалаған думанды мереке Қазақстанның тұңғыш Президенті саябағында ұйымдастырылды.

Мерекелік шарада «Тоқаш батл» сайысына қатысушылар бауырсақ жеуден алдарына жан салмай, келген қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз деп 1 курс білімгері, болашақ мұғалім Айдана есімді қыз танылды.

Өз кезегінде халық аспаптарында орындаушылар мерекелік ән шырқап, түрлі сахналық қойылымдар қойды. Келген қонақтардың көңілін көтеріп, маңайды ән мен күйге бөледі.

Шара соңында «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Балаға ат қою», «Қыз ұзату» сияқты ұлттық дәстүрімізден сыр шертетін қойылымдар көрсетіліп көпшіліктің назарына ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.